10.12.2014
«Қазақстандағы пираттық деңгей қазіргі таңда 74%, Ресейде 61% шамасында. Кемінде бұл көрсеткішті 10 пайызға төмендеткен болсақ, ел экономикасына да әсері болар еді. IT секторында жоғары білікті мамандарға 3 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, бюджетке салықтық түсімдер 26 млн теңгеге артып, елдің ЖІӨ 130 млн теңгеге көбейер еді», - дейді А.Рештенко.
Оның айтуынша, лицензияланған бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламалық активтердің есебі процедурасын енгізу арқылы ел экономикасына оң өзгеріс келмек.
«Активтерді басқару мен бағдарламалық қамтамасыз ету компаниялардың заңгерлік және қаржылық қатерлерден қашуына мүмкіндік береді. Сол себепті зияткерлік меншік құқығын бұзу – әкімшілік, кей жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық саналады. Қазақстан әлемдегі ақпараттық қауіпсіздігі ең төменгі деңгейдегі мемлекеттердің бірі», - дейді Microsoft Kazakhstan компаниясының бас директоры.
Айта кету керек, Қазақстан Үкіметі зияткерлік меншік құқығын сақтау бойынша бірқатар құжаттар мен жоспарлар қабылдаған еді.
Камила Амирова
Суретке түсірген Азамат Алиев