• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Мәжілісте әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметті автоматтандыруды жетілдіру бойынша заң жобасы таныстырылды 04.12.2014

«Заң жобасы Мемлекет басшысының 2012 жылдың 27 қаңтарындағы тапсырмасын іске асыру мақсатында дайындалған. Онда электронды үкіметті дамыту керектігі айтылған еді. 2012 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 60 пайызы, соның ішінде барлық лицензия түрлері тек электронды түрде берілуі тиіс болды. Жоба арқылы мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару саясатын арттыру қарастырылған. Мемлекеттік қызмет реестрі бойынша 36 қызмет түрінің 16-сы ауыстырылады», - дейді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің орынбасары Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, талап етілетін құжаттарды қысқарту мен қызмет көрсету мерзімін азайту Мекен-жай тіркеуі, «Жеке тұлғалар» ММБ, АХАЖ секілді мекемелер қызметіні интеграциялау нәтижесінде мүмкін болып отыр. «Кей жағдайларда талап етілетін құжаттар санын 7-ден 1-ге дейін, қысқартып, мерзімін де азайтамыз», - дейді.

Әлеуметтік-еңбек саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің өзгеруін арқау еткен заң жобасы, бизнес-процестерді оңтайландыру; ақпараттық жүйелер мен деректер қорларын қалыптастыру, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимыл жасауын жетілдіру; электрондық құжаттар мен электронды цифрлық қолтаңбаны, сондай-ақ "электрондық үкімет" порталын қолдану аясында біртіндеп кеңейту нәтижесінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы оң өзгерістерді заңнамалық тұрғыда бекітуге бағытталған.

Заң жобасын әзірлеуші мамандардың мәліметіне сүйенсек, аталған өзгерістер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе "электрондық үкімет" порталына өтініш беру баламасын белгілеуге және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу мерзімдерін қысқарту мен осындай өтініш білдірген кезде қоса берілетін құжаттарды қысқартуға зор мүмкіндіктер беретін көрінеді. Сондай-ақ, заң жобасын іске асыру мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына әкеп соқтырмайды екен.

Индира Қауметова

 


Back to the list