14.11.2014
Ұлттық компанияның хабарлауынша, Rompetrol Logistics SRL компаниясына тиесілі Global Security Sistem S.A. компаниясы акцияларының пакетінің 51%-ы, KMG International N.V. және Rominserv SRL компанияларына тиесілі Palplast S.A. компаниясы акциялары пакетінің 98.823065%-ы және SCRominserv SRL мен SC Rompetrol Financial Group SRL компанияларына тиесілі SC Rominserv Valves Iaifo SRL компаниясы акциялары пакетінің 100 пайызы бәссаудаға шығарылмақ.
Электронды бәссауда биылғы жылдың 9 желтоқсанында Астана уақытымен 11.00-де www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік реестрінің веб-порталында басталады.
Компанияның хабарлауынша, сауда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ активтері мен нысандарын сатудың және «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген мемлекеттік мүлік реестрінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды сауда жүргізу регламенттері мен «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген меншіктік және сенім басқаруы құқығындағы «Самұрық-Қазына» АҚ-на тікелей немесе жанама түрде тиесілі елу пайыздан астам дауыс беру акциясы ұйымдастырушылары бірыңғай ережелеріне сай жүргізіледі.