13.11.2014
«Бүгінде «Қарағанды облысы халыққа қызмет көрсету орталығы» АМК филиалының 31 бөлімі мен 2 өкілділігі және ауылдық з пошта бөлімінде ХҚКО қызметкерлері жұмыс істейді. Шалғайда орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін мобильді ХҚКО жасақталды. Есептік кезең ішінде оның қызметкерлері 1036 көшпелі қызметке шығып, 19850 мемлекеттік қызмет көрсетті», - деді филиал директоры Тілеубай Құсайынов.
Филиал директоры атап өткендей, жалпы облыс орталығында жыл басынан бері ХҚКО-лар 2 млн 147 мың 981 құжатты қабылдады, бұл өткен жылдың сәйкесінше кезеңінен 14%-ға жоғары, ал берілген құжаттар саны 10 пайызға өсті.
Бұдан басқа, мамандандырылған халыққа қызмет крсету орталықтары (МХҚКО) 55700 мемлекеттік қызмет көрсетті немесе 2013 жылдың 10 айымен салыстырғанда көрсетілген қызмет саны 53%-ға артты.
Т.Құсайыновтың айтуынша, МХҚКО ғимараттарына барлық мамандандырылған құрылымдық бөлімдерді сыйдыру мүмкін емес. Осы ретте Астана мен Алматы қалаларындағыдай жаңа МХҚКО салу қажеттілігі туындауда.