• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
«Қазпочта» АҚ жеке дербес пошталық ашық хат жасау үшін «Print2Card» бірегей қызметін ұсынады 12.11.2014

«Қызметті қолдану қағидаттары қарапайым. Клиент MyKazpost мобильдік қосымшасындағы «Print2Card»  бөліміне кіріп, «Ашық хат жасау» пәрменін басу арқылы, «мәтінмен» немесе «мәтінсіз» форматын таңдаңыз. Әрі қарай, «фото қосу» пәрменін басып, өз ұялы телефоныңыздың галереясынан немесе камераңызды қолданып, кез-келген нысананы суретке түсіріп, «әрі қарай» пәрменін басып, ашық хатыңызға жиектеме қойып суретіңізді жүктеңіз. Карточка арқылы төлем жүргізу үшін, көрсетілген нұсқаны қажетті ақпаратпен толтырыңыз», - делінген хабарламада.

«Қазақстанға ғаламтордың енуі ұлғайған сайын, компанияның клиенттері де, жазбаша хат-хабарлар мен ашық хаттарды сирек жібереді.  Кезінде ашық хаттар, кез-келген мерекеге бағалы сыйлық болып табылатын. Қазіргі таңда, қағаздан жасалған ашық хаттарды әлеуметтік желілердегі құттықтаулар орнын басып келеді. Біздің өнім, бұл – дәстүр мен инновациялықтың үйлесімі. «Print2Card» қызметі клиенттің өз қолымен жасаған ашық хатын қағаз жүзінде, өзінің смартфоны арқылы жіберуіне мүмкіндік береді.  Бұл қызмет, жастар арасында қолдануда өзіндік ерекше орнын алып, үлкен жетістіктерге жеткізеді деген сенімдемін» - деді, «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы Б.Мусин.

Пошталық карточканың мазмұнында  ҚР және/немесе өзге елдердің заңнамасын бұзатын (сурет, хабарлама және т.б.) қатаң тыйым салынады. Пайдаланушы «Print2Card» сервисіндегі көрсетілген ақпараты үшін толықтай жауапты. «Қазпочта» АҚ аталған сервисті тек пошта операторы қызметінде атқарады.


Back to the list