11.11.2014
Хабарламада айтылғандай, «Сот құжаттарының электронды мұрағаты» ақпараттық жүйесі (ары қарай - СҚЭМ) сот өндірісі жүйесіндегі мәтін немесе реквизит бойынша сот құжаттарының электронды көшірмесін іздеу мен жинақтау, ұзақмерзімді сақтау мақсатында электронды мұрағатты сот құжаттарын орталықтандырылған сақтау қажеттілігінен туындап отыр.
«СҚЭМ ақпараттық жүйесі мұрағатты құжаттарды атрибутты және толықмәтінді іздеу, сотқа түсетін құжаттардың түрін классификациялаудың ортақ жүйесін енгізу, электронды мұрағат құжаттарына түсетін барлық сот құжаттарының өзгеріссіз ұзақмерзімді сақталуына кепілдік беретін электронды түрдегі соттағы сот құжаттарының мұрағатын құруға арналған», - делінген хабарламада.
Жүйені енгізгеннен кейін сот отырысы қатысушыларына сот жүйесінің ғаламтор ресурсы арқылы электронды түрде мұрағат құжаттарының көшірмесін алу мүмкіндігі беріледі.
Сонымен қатар, СҚЭМ енгізілуі құжаттардың түгел сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, тасымал шығынын азайтып, сот істерін аппеляциялық жедел қарауына мүмкіндік береді.