• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Еgov порталында сіздің борышкер болып, болмағаныңызды тексеруге болады 04.11.2014

«2014 жылдың соңына дейін egov жеке кабинетіне Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасынан шығуы уақытша шектелген борышкерлер тізімі» мен «Атқару өндірістер бойынша борышкерлер тізімі» жүйелері қосылады. Содан кейін портал автоматты түрде пайдаланушыны бұл ресурстарға енуі немесе бұдан шыққаны туралы хабардар етеді», - делінген хабарламада.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаевтың айтуы бойынша, электрондық үкімет порталы арқылы жіберілетін хабарламалар механизмі азаматтарға төленбеген айыппұлдар, салықтар және т.б. кесірінен шетелге шығуға тыйым салу сияқты келеңсіз жайттардан құтылуға мүмкіндік береді.

Борышкер болып алимент немесе жол қозғалысы тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдары және коммуналдық қызметтер бойынша қарызы бар адам есептелетінін естеріңізге саламыз. ді. Қара тізімге сот өндіріп алуға қаулы еткен 700 теңгеден бастап төленбеген шоттары бар адамдар кіргізіледі. 

 

 


Back to the list