• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2017 жылға қарай Қазақстандағы көптеген ауылдар сапалы ғаламтормен қамтылады 01.11.2014

«Алдағы уақытқа жоспарлап отырған көптеген жобаларымыз бар. Ауылдарды оптикалық талшықты кабельді байланыспен қамтамасыз ету керек. Келер жылдан бастап жобаларды іске асыра бастаймыз. Мұндай жобалар өзге елдерде қазірдің өзінде қолға алынуда. Біз алғашқылардың бірі болып қозғалудамыз», - дейді.

Оның айтуынша, соңғы үш жылда шалғайдағы елді мекендерді сапалы ғаламтор байланысымен қамтамасыз ету мақсатында мыңдаған ауылды осынау жұмыстармен қамтамасыз етілмек.  

Жұмағалиев әсіресе елде мәліметтерді өңдеу орталығының құрылғанын, телекоммуникациялық инфрақұрылым мен 3G және 4G секілді жаңа технологияларға қол жеткізгенімізді ерекше атап өтті.

«Қазіргі таңда 880 ауылдық елді мекенде ескірген технология пайдаланылуда. Ал қалған жерлерде секундына 256 кбт-тық 2G арқылы қызмет көрсетілуде», - дейді Жұмағалиев.

Камила Амирова


Back to the list