01.11.2014
«Бүгінде Қазақстанда электронды қызметтің 13 түрі ұялы телефон арқылы көрсетіледі, жыл соңына дейін оның қатарына тағы 50-і қосылады. Бұдан басқа, push-ескерту жүйесін енгізу жоспарлануда. Біз азаматқа техникалық бақылаудан өту және айыппұл туралы ескертулер жіберіп тұрамыз», - деп хабарлады А. Жұмағалиев.
Министрдің орынбасары атап өткендей, мобильді үкімет мемлекеттік қызметті халыққа жақындата түседі.
«Бүгінде электронды үкімет арқылы 570 дана қызмет түрін пайдалануға болады, 2014 жылдың соңына дейін оның саны 730-ға жеткізіледі. Ағымдағы жылы 40 млн астам қызмет көрсетілсе, өткен жылы ол 38 млн көрсетті», - деп еске салды ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, қазіргі таңда айналымнан 40 млн құжат көшірмесі алынып тасталды. «Барлығы 80-ге жуық лицензия электронды түрде беріледі. 2013 жылы 200-дей құжат порталда ұсынылды,және осы жылы біз 100%-ға автоматтандырамыз. Электронды түрде 1440 лицензия мен 445,7 мың рұқсатнамалар берілді», - деп толықтырды вице-министр.
«Осы және өзгеде жайттар бізге БҰҰ-ның лайықты рейтингісі - 28 орынды алуға мүмкіндік берді. Біз 2010 жылы 46 орында, 2012 жылы 38 орында болдық», - деп түйді А. Жұмағалиев.
Камила Амирова