15.10.2014
Аталмыш кезеңде қазақ және ағылшын тілдерін білетін тіл жанашырлары Google Translate жүйеcі ұсынған аудармаларға баға беруі, жаңа сөз және сөз тіркестерін аудару арқылы үлес қосуы керек.
Google Translate машиналық аударма құралы болса да, аударма сапасын қамтамасыз ету үшін біз тілді жақсы білетін адамдардың көмегіне мұқтажбыз. Сондықтан Сіздер осы жобаны жүзеге асыруға қол ұшын созады деген үмітпен, осы хатты жолдап отырмыз».
«Тіл жанашырларының көмегі мен Beeline Қазақстан компаниясының қолдауының арқасында біз 2014 жылдың қаңтар айына дейін жинақталған мәтіндер қорына толық сараптама жасап, сапасына баға бердік. Енді жүйе ұсынған жаңа сөздер мен сөйлемдері аударуға, сондай-ақ машина жасаған аудармалардың дұрыс-бұрыстығын тексеруге қауымдастықтың көмегі керек. Біз барша қазақстандықтарды жобамызға үлес қосуға шақырамыз: азғана уақыт бөліп, ана тіліміздің әлемдегі ең танымал аударма қызметіне қосылуына қол ұшын беріңіздер!», - деді «WikiBilim» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы.
«Google Translate + Kazakh» жобасына үлес қосқысы келетіндер http://translate.google.kz/community сілтемесі арқылы өтіп, атсалыса алады. Жоба қатысушылары ұсынылған сөз бен сөз тіркестерін ағылшын тілінен қазақшаға аудара алады.
Сондай-ақ, Сіз машиналық аударма ұсынған сөз бен сөз тіркестерінің аудармаларына баға беріп, дұрыс аудармаларды бекітіп бере аласыз. Мұндай бір операцияны орындау 5 минуттан артық уақыт алмайды.
Индира Қауметова