14.10.2014
Оның айтуынша, өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстыратын болсақ транзакция сомасы 40%-ға артқан.
Естеріңізге сала кетейік, ел азаматтары электрондық үкіметтің порталы арқылы 4 төлем түрін жүргізе алады. Атап айтар болсақ, өсімақы, жеке тұлғалардың салық бойынша берешегі, жеке тұлғалардың мүлік салығы, жеке тұлғалардың көлік салығы, жеке тұлғалардың жер салығы және елді мекен бойынша салық түрлері. Бұдан басқа, жергілікті жұрт 17 түрлі баж салығын, 20 түрлі алым, ұялы байланыс және «Қазақтелеком» АҚ қызметін, коммуналдық қызмет пен жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұлды өтей алады.