08.10.2014
«Қазақстандағы электронды үкіметтің даму қарқынын ерекше атап өткім келеді, әсіресе электронды құжат айналымына өту жолындағы қадамдардың мәні зор. Әсіресе мемлекеттің тек жеке секторға немесе business-to-business сегментінде электронды түрде қызмет көрсетуге ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік органдар арасындағы және электронды құжат айналымына көңіл аударылып жатқанын жоғары бағалау керек», - деді Global e-Government Forum 2014 халықаралық форумында Жаклин По.
Оның айтуынша, Астанадағы Global e-Government Forum 2014 форумы өте жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылды.
Естеріңізге сала кетейік, екі күндік Global e-Government Forum 2014 форумы Астанада жалғасын тауып жатыр. Пленарлы отырысқа БҰҰ Бас хатшысы орынбасары У Хунбо пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов қатысты. Сонымен қатар, шараға әлемнің 70-тен астам елінен АКТ саласының халықаралық деңгейдегі сарапшылары қатысуда.
Форум «Тұрақты даму мақсатындағы ақылды басқару: желілік қоғамдағы әріптестіктің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өтуде. Онда әлемдік ақпараттық қауымдастық, электронды үкімет, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру процесін дамыту үрдісі талқылануда.