08.10.2014
«5-ші категорияның жеңімпазы болып, мұхиттан шалғай жатқан ел ретінде Қазақстан атанды», - деді БҰҰ өкілі.
БҰҰ сыйлықтары мына тәртіп бойынша берілді:
«Электронды үкімет бойынша жоғары рейтинг» аталымында бірінші орынды Оңтүстік Корея, Екінші орынды Австралия, үшінші орынды Сингапур алды.
«Электронды үкіметтің дамуындағы айтулы процесс» аталымы бойынша Бахрейн жеңімпаз атанса, екінші, үшінші орындар тиісінше Жапония мен Испанияға бұйырды.
«Өңірлік электронды үкіметтің жоғары көрсеткіші» аталымында Африка бойынша Тунис, Америкада АҚШ, Азияда Оңтүстік Корея, Еуропада Франция, Мұхит елдерінде Австралия жеңімпаз атанды.
«Е-қатысудың жаһандық көрсеткіші» аталымында Нидерланды мен Оңтүстік Корея жеңімпаз танылды.
«Елдердің ерекше тобындағы электронды үкіметтің жоғары көрсеткіші» аталымында мұхитқа шыға алмайтын елдер бойынша Қазақстан, шағын аралды дамушы елдерден Сингапур, аз дамыған елдерден Руанда көш басынан көрінді.
Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ-ның алғашқы жаһандық электронды үкімет даму бағасы 2001 жылы жасалынған еді. Ол кезде электронды үкіметтің даму индексінің (ЭҮДИ) тұжырымдамалық моделі қойылған. Бүгінде ол өзгеріссіз. ЭҮДИ электронды үкіметтің үш негізгі бөлшегін қамтиды: қамту деңгейі мен онлайн қызметтерді беру сапасы; ИКА-инфрақұрылымының даму деңгейі; кадрлық әлеует.