07.10.2014
«Үкімет қазір белсенді түрде жұмыс жасап жатыр. Бүгінде қазақстандықтардың компьютерлік сауаттылығы деңгейі 63 пайызға жуықтады. Ал интернет пайдаланушыларының саны 12 млн адамға жетті, бұл халықтың 70 пайызын құрайды», - деді ол.
Халықты сандық телевизиямен қамту 51 пайыз, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 72 пайызға жеткіземіз.
«Екі жылда халықты сандық телевизиямен қамту 95 пайызға жеткізіледі», - деді Ә.Исекешев.
Айта кетейік, Астанада «Электронды үкімет – 2014» жаһандық форумы өтіп жатыр. Форумға 70 елдің мемлекеттік қайраткерлері, ғалымдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының жетекші халықаралық сарапшылары жиналды. Биылғы жиын «Тұрақты даму мақсатындағы ақылды басқару: желілік қоғамдағы серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналып отыр.
Екі күн бойы форумға қатысушылар сарапшылар мен мемлекеттік құрылымдар арасында тәжірибе алмасу, ақпараттық қоғам дамуының әлемдік үрдісі мен бұл процеске электронды үкіметтің ықпалы мәселелерін талқылайды.
Индира Қауметова