• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жыл сайын «Электронды үкімет» арқылы 14 млн-нан артық қызмет көрсетіледі – Ә.Исекешев 07.10.2014

«Электронды үкіметтің» құрылымы ел азаматтарының портал арқылы 570 қызмет түрін алуына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, жыл сайын «электронды үкімет» порталы арқылы шамамен 14 млн.-дай электронды қызмет көрсетіледі. 17 млн халқы бар ел үшін бұл өте жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. 50 қызмет түрі мобильді байланысқа ауыстырылады, 500 мың адам бұл қызметке қоыслатын болады», - деді Ә.Исекешев. 

Электронды үкімет азаматтардың мемлекеттік органдармен байланыс форматын түбегейлі өзгертті. Бүгінде көптеген анықтаманы алу үшін үш күн күтудің, сондай-ақ төлқұжат немесе жеке куәлік алу үшін тұрғылықты тіркеуде тұрған жерге барудың қажеті жоқ. Компанияны тіркеу бұрынғыдай 30 күннің ішінде емес, бір күнде іске асырылады. Мемлекет пен бизнес арасындағы қатынас түрі де түбегейлі өзгерді. 

Айта кетейік, Астанада БҰҰ Бас хатшысының орынбасары У Хунбо мен Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен III Global e-Government Forum 2014 жаһандық форумы өтіп жатыр. Форумға 70 елдің мемлекеттік қайраткерлері, ғалымдар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының жетекші халықаралық сарапшылары жиналды. Биылғы жиын «Тұрақты даму мақсатындағы ақылды басқару: желілік қоғамдағы серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналып отыр. Қазақстан қазір «электронды үкімет» дамуы бойынша БҰҰ рейтингісінің 28-ші орынында тұр. Global e-Government Forum 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Алғашқы екі жылы форум электронды үкіметтің дамуы бойынша көшбасшы болып саналатын Оңтүстік Кореяда өтті.

Индира Қауметова 


Back to the list