• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада  «Электронды үкімет» бойынша жаһандық форум басталды 07.10.2014

Форум  барысында тәжірибесі бүкіл әлемде мойындалған дамыған мемлекеттер үшін де, «электронды үкіметті» дамытуда және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруда алғашқы қадамдар жасайтын дамушы мемлекеттер үшін де қызықты болатын мәселелерді талқыланады.

Форум «Тұрақты даму мақсатындағы ақылды басқару: желілік қоғамдағы әріптестіктің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналған. Форумның мақсаты сарапшылар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдеріне тәжірибемен алмасу және ақпаратты қоғамды дамытудың, сондай-ақ осы үрдіске «электронды үкіметтің» ықпалының әлемдік беталыстарының мәселелерін талқылау мүмкіндігін беретін интерактивті алаң құру болып табылады.

Форумда  әлемдік тенденциядағы ақпараттық қоғамның даму сұрақтары мен осы үрдіске «электрондық үкіметтің» әсер етуі сынды мәселелер бойынша тәжірибе алмасулар жүзеге асады.

Айта кетейік, форум бұдан бұрын «электронды үкіметті» дамытуда көшбасшы болып табылатын Оңтүстік Кореяда екі рет қана өткізілгенін атап өту қажет. Қазақстан осындай көлемді іс-шараны өткізу құқығын халықаралық рейтингтерде бірнеше рет белгіленген АКТ саласындағы және «электронды үкімет» саласындағы жетістіктерінің арқасында алды (БҰҰ-ның «электронды үкіметті» дамыту бойынша рейтингінде Қазақстан 28-орынды, ДЭФ-Тің желілік дайындық индексі бойынша рейтингінде 38-орынды алып отыр).


Back to the list