• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада «Электронды үкімет» бойынша жаһандық форум өтеді 02.10.2014

«Форумның мақсаты сарапшылар мен мемлекеттік құрылымдардың өкілдеріне тәжірибемен алмасу және ақпаратты қоғамды дамытудың, сондай-ақ осы үрдіске «электронды үкіметтің» ықпалының әлемдік беталыстарының мәселелерін талқылау мүмкіндігін беретін интерактивті алаң құру болып табылады», - деп хабарлады egov.kz сайты.

Форумды өткізу барысында тәжірибесі бүкіл әлемде мойындалған дамыған мемлекеттер үшін де, «электронды үкіметті» дамытуда және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруда алғашқы қадамдар жасайтын дамушы мемлекеттер үшін де қызықты болатын мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.

Іс-шараға БҰҰ-ның Бас хатшысының орынбасары У Хунбо және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, сондай-ақ 50-ден астам мемлекеттің мемлекеттік қайраткерлері, ғалымдар мен АКТ саласындағы жетекші халықаралық сарапшылар қатысады.

Қазақстан осындай көлемді іс-шараны өткізу құқығын халықаралық рейтингтерде бірнеше рет белгіленген АКТ саласындағы және «электронды үкімет» саласындағы жетістіктерінің арқасында алды (БҰҰ-ның «электронды үкіметті» дамыту бойынша рейтингінде Қазақстан 28-орынды, ДЭФ-Тің желілік дайындық индексі бойынша рейтингінде 38-орынды алып отыр).

Айта кетейік, форум бұдан бұрын «электронды үкіметті» дамытуда көшбасшы болып табылатын Оңтүстік Кореяда екі рет қана өткізілді.

 


Back to the list