19.09.2014
Астана қаласының статистика департаменті хабарлағандай, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 8,9%-ға жоғары.
2014 жылғы қаңтар-тамыздағы байланыс қызметінің табыстар құрылымында жедел әрекетті байланыс - 69,8%, интернет - 15,2%, қалааралық және халықаралық байланыс түрлері - 1,5%, жергілікті телефон - 2,1%, өзге де байланыс түрлері - 11,4%-ды құрады.
Табыстың жалпы көлемінің 71,2%-ы халыққа байланыс қызметін көрсетуден түсіп, 70591,5 млн. теңгені құрады және 2013 жылдың сәйкес кезең деңгейінен 2,8%-ға жоғары.
Кәсіпорындардың пошталық және курьерлік қызмет көрсету саласынан түскен табысы 1019,6 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезең деңгейінен 7,6%-ға жоғары.