16.09.2014
«Ақпараттық қызмет көрсету электрондық кілттерді қолдана отырып электрондық байланыс арқылы сот өндірісін қысқартуға бағытталған. Электрондық қызметтің басты артықшылығы ақпаратты аз уақытта өңдеп, оны сотқа жөнелту болып табылады», - дейді Ақтөбе облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттың кеңсе меңгерушісі Асылхан Әбілғазина.
Сот жүйесіне жаңа технологияларды енгізу мен пайдалану сот өндірісін барынша қысқартып, бюрократиялық кедергілерді алып, сот жүйесі қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтады.
«Бұл жаңалық жемқорлықтың алдын алуға мол мүмкіндік ұсынып, уақыт пен азаматтардың қаражатын үнемдеп, қағазбастылыққа тосқауыл болады. Ел азаматтары үшін сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етеді», - делінген ҰКП сайтында.