16.09.2014
«Мемлекеттік органдардың ресми Интернет-ресурстарының ақпараттандыру деңгейін бағалау үшін «Қазконтент» АҚ бірқатар көрсеткіштерді негізгі критерий ретінде айқындады. Олардың қатарында материалдардың өзектілігі мен жеделдігі, жаңалықтар лентасы мен сайттың басқа да бөлімдерінің уақытылы толтырылуы көрсеткіштері бар. Бұған қоса, сайттың интерактивтілігі, оқуға жеңілдігі, мультимедиялық деңгейі, мемлекеттік орган басшысының дербес блогының болуы, азаматтардың сауалдарына берілетін жауаптың сапасы мен толық болуы, электронды қызметтердің ұсынылуы, тілдік нұсқалары, ресурстар каталогы, алға бастыру (SEO, SMM) жағы да ескеріледі», - делінген хабарламада.
2014 жылдың басында Жоғарғы Соттың сайты 30 орында болатын. Жүйелі жұмыстарды қолға алудың нәтижесінде сайт ағымдағы жылғы мамырда – 4, маусымда – 2, ал шілдеде – 1 орынға шықты. 2014 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының веб-сайты тағы да 1 орын алды.
Айта кетейік, биылғы жылдың барысында Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың орталықтан басқарылатын және біртұтас тұғырнамаға ие интернет-ресурстарын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.