14.09.2014
«Ашық мәліметтер порталының мақсаты – қоғамға мәліметтерді қолдану арқылы мемлекеттің басқаруына қатысу мүмкіндігін ұсыну мен оның негізінде сараптама мен зерттеу жұмыстарын жасайтын қосымшалар құру», - деп хабарлайды е-үкіметтің ресми порталы.
«ҰАТ» АҚ байқауы арқылы портал мүмкіндіктерін көрсету емес, сонымен қатар пайдалы жаңа қосымшалар мен сервистер құруға жастарды ынталандыру болып табылады. Қосымшаға аввторлық құқық үміткерлердің өздерінде қала бермек.
Байқауға ЖОО мен колледж студенттері қатыса алады. Олардың жасы мен оқу бағдарламасына шектеу қойылмайды. API data.gov.kz порталында орналасқан ашық мәліметтерді қолдана отырып iOS мобильді платформасына (6+ нұсқасы) арналған мобильді қосымша немесе Android (4+ нұсқасы) дайындау керек.
Қатысуға үміткерлердің барлығы «Ұлттық ақпаратты технологиялар» АҚ мамандарынан көкейлеріндегі сауалдарға жауап ала алады.
Дайындалған қосымшалар 2014 жылдың 1 қазанына дейін өткізілуі керек.
Жұмыстарды бағалауда идеяның оригиналдылығы, әлеуметтік маңызы мен қызметі және коммерциялау болашағы ескеріледі.
Байқаудың жүлде қоры төмендегідей: 1 орын MacBook Air; 2 орын – Apple iPad Air; 3 орын – Apple iPad mini.