21.07.2014
Аталмыш пән 2013 жылы «Тұран-Астана» және Т.Рысқұлов атындағы Экономикалық колледждің «Заң», «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» факультеттерінің 1-2 курс студенттеріне оқытылды. Сабақты Астана мен Алматы қалалырының «ХҚКО»РМК бөлімшелері қызметкерлері жүргізді.
Жаңа оқу жылында осы оқу орындарында пәннің академиялық сағаты саны шамамен 3 есеге артады.
Бағдарлама аясында студенттер тұтынушылардың көзқарасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарынан қандай қызметке қол жеткізуге болатынын игеріп, мемлекеттік қызметті электронды нұсқада алу артықшылықтарымен танысып, egov.kz порталы мүмкіндіктерімен танысады.
Студенттерден бөлек ХҚКО қызметін ұйымдастыру, испекторлар тарапынан мемлекеттік қызмет алу сапасы мен шарттарын арттыру мәселелері бойынша біліктілік арттыру мақсатында ХҚКО бөлімше жетекшілері оқытылады. Аталмыш қызметкерлерді таңдалған ЖОО оқытушылар құрамы оқытатын болады. Өздеріңізге де белгілі, жыл сайын ХҚКО қызметкерлері ҚР заңнамасы, мемлекеттік қызметтің стандартары мен ережелері білімі бойынша тексерістен өтеді.