• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2015 жылы халықтың 95%-ы сандық телеэфирмен қамтамасыз етіледі – вице-премьер (ФОТО) 15.07.2014

Бүгінгі таңда елімізде «Ақпаратты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында инновациялық коммуникациялық инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету, ақпараттық орта қалыптастыру, отандық ақпараттық кеңістікті дамыту бағытындағы міндеттер қарқынды шешілу үстінде. Ұялы байланыс нарығындағы бәсекелестікті күшейту үшін біз ұялы байланыс желілерінде нөмірлердің ауыспалылығын енгізу бойынша жұмыстарды бастадық. Біз Қазақстан абоненттері 2015 жылдан бастап бұл қызметті пайдалана алатын болады деп күтудеміз», - деді Б.Сағынтаев.

Сонымен қатар бірінші вице-министр өз сөзінде бүгінде еліміздің әрбір екінші тұрғыны сандық эфирлік телевидениемен қамтамасыз етіліп, шамамен  51 пайызды құрайды. Бағдарлама  2015 жылы аяқталып, қамту көлемі  95 пайызға жетпек.

Сонымен қатар Б.Сағынтаевтың айтуынша, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту бағытында жүргізілген жүйелі шаралар әлемдік рейтингтегі Қазақстанның ұстанымын жақсарта түсуіне септігін тигізді. Мәселен, БҰҰ-ның «адамдар үшін электронды үкімет» рейтингінде Қазақстан 2013 жылы 190 елдің  ішінде 28-орынға тұрақтады. Ал 2012 жылы еліміз 38-орында еді. «Желілік дайындық» индексі бойынша  Дүниежүзілік экономикалық форумның ақпараттық технологиялар рейтингінде Қазақстан әлемнің 140 елі ішінен 38-орынға көтерілді.

Өткен жылы көрсетілген байланыс қызметтері 4,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. Бұл туралы бүгін елордада басталған байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық басшыларының кеңесінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

Камила Амирова

Суретке түсірген Азамат Алиев


Back to the list