15.07.2014
«Телекоммуникациялық саланы дамуы заманауи технологиялар арқылы жүзеге асырылады. Жалпы, бұл сала өте белсенді дамып келе жатқандардың қатарында. Бүгінгі таңда Қазақстанда интернетке кіру 70 пайыздан асып жығылады. Ал, ұялы байланысқа кіру 160 пайыздық шектен асты. Бұдан басқа Қазақстан шалғайдағы ауылдарды ғаламтормен қамту үшін талшықты оптикалық инфрақұрылымды дамытуды жалғастыруда. Таяу үш жылдың ішінде бұл жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз»,- деді А.Жұмағалиев.
Сонымен қатар БАА басшысы, Қазақстан электронды үкіметтің дамуы жағынан әлемде 28 орында, деп ағынан жарылды.
«Электронды үкіметті одан ары дамыту жұмыстарын жалғастырамыз. Осы жылы барлық рұқсат беру лицензиялық құжаттарды автоматтандыру жұмыстарын аяқтау көзделген»",- деп ведомсвто басшысы атап өтті.
Камила Амирова