• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазақстанда 2016 жылы виза беру электронды форматта жұмыс істейді 10.07.2014

«Қазақстанға келетін шетелдік азаматтарға барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында виза берудің қолданыстағы тәртібіне өзгерістер енгізіледі. Жаңа редакцияда автоматтандыру, электрондық визаларды рәсімдеу бойынша қызметтерді интеграциялау тәрізді жаңашылдықтар және өзге де жеңілдіктер негізге алынып отыр. Қазіргі уақытта рәсімді электрондық форматқа көшіру тетіктері сараланды», - деп Р.Жошыбаев сөз басында ағынан жарылды. 

Оның айтуынша, бұл қазақстандық визаны рәсімдеу тәртібін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

«Бұл шекараны кесіп өтуді жеңілдету, көші-қон есебі және қауіпсіздік мәселесі бойынша жасалған үлкен қадам болады. Электрондық виза тікелей қарым-қатынассыз, кез келген мемлекетте қазақстандық визаны алу мүмкіндігін береді. Визаны елге келгенде шекарада алатын болады. Бұл жаңашылдықтарды жуық арада енгізуді жоспарлап отырмыз», - деп ол толықтырды.

«Бұл бағытта жұмыс бұрыннан жүргізіліп жатыр, біз әлемдік тәжірибені сараладық. Жақын арада Үкімет пен Мемлекет басшысы бекіткеннен кейін визалық саясат бойынша үлкен бағдарламаны жария етеміз», - деді Р.Жошыбаев.


Back to the list