• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Елордада «Астана-заң» құқықтық порталы іске қосылды 09.07.2014

Аталған порталдың басты мақсаты - құқықтық заңнама, мемлекеттік органдардың қызметі туралы соңғы жаңалықтар мен құқық қорғау, сот және мемлекеттік органдардың, нотариалдық палата, бағалаушылар мен адвокаттар алқасы басшыларының блогтарына кіруге мүмкіндік беретін ақпараттық қызмет ресурсын құру.

Бұл интернет ресурс Әділет департаменті мен Қазақстан Заңгерлер одағы елордалық филиалының бірлескен жобасы.

Жалпы, портал арқылы кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары, интернет қолданушылар мемлекеттік қызметтер туралы және құқықтық негіздегі кез келген ақпаратқа, онлайн кеңестерге жедел әрі тиімді қол жеткізе алады.


Back to the list