• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
2015 жылы ХҚКО арқылы жаңа 32 қызмет ұсынылатын болады 16.06.2014

Жеке кәсіпкерлер тіркеу  есебіне тұрып, патент ала алады. ҚР Қарулы  күштерінің әскери қызметкерлері қызметтік баспанаға зәрі  қызметшілердің тізіміне тұруға  өз мәліметтерін ХҚКО арқылы енгізе алады.

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді және ХҚКО дамыту департаменті директорының орынбасары Әсел Мамажанованың айтуына қарағанда,  ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтердің тізіміне енетін жаңа сервистер  11 мемлекеттік органның құзырына жатады.

«Қызметтердің  көп бөлігі баламалы түрде  ұсынылады, яғни жеке және заңды  тұлғалар оларды Халыққа қызмет көрсету  орталығымен қатар, қызметті  ұсынушы мемлекеттік органнан тікелей барып ала алады» - деп түсіндірді Әсел Мамажанова.

Айтып өту  керек, 32 мемлекеттік қызметтен тұратын тізім ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтерді іріктеуге арналған Ведомствоаралық комиссияның кезекті  отырысында бекітілді

Бүгінгі күні елімізде 259 халыққа қызмет көрсету  орталығы  жұмыс істейді. Үстіміздегі  жылы осы орталықтар арқылы көрсетілген  мемлекеттік қызметтердің саны  11 млн.  асып кетті

           


Back to the list