• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мамандандырылған ХҚКО қызметі  Ахуалдық орталық арқылы бақыланады 13.06.2014

Ахуалдық орталық қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерінің  жұмысын бақылап отырады. Атап айтқанда, орталыққа келген клиенттердің кезек күту уақыты, оларға қызмет көрсету уақыты, берілген жүргізуші куәліктерінің саны, клиенттердің ХҚКО инспекторының қызметіне берген бағасы - барлығы бақылауға алынған.

Аталған жүйе ХҚКО-ның және Әкімшілік полиция қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті белгіленген уақытында көрсетуін қадағалауға  мүмкіндік  береді. 

Егер қызмет көрсету уақыты ХҚКО қызметкерінің тарапынан кешіктірілген болса, мұндай жағдайда қызметкерге тәртіптік шара қолданылатын болады, деп  ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі мен ҚР Ішкі істер министрлігінің бірлескен  жұмысы нәтижесінде кешіктірілген құжат саны айтарлықтай азайды. Бүгінде  бұл көрсеткіш барлық рәсімделген құжат санының 5% нан аспайды, ал өткен жылдың аталғн мерзімінде бұл көрсеткіш 27% ды құраған еді.

Айта кетейік, бүгінгі күні Ахуалдық орталыққа 162 Халыққа қызмет көрсету орталығы, соның ішінде  Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау және Тараз қалаларындағы мамандандырылған ХҚКО қосылған. 2014 жылдың соңына дейін Қызылорда, Петропавл, Павлодар және Талдықорған қалаларында мамандандырылған ХҚКО  іске қосу көзделуде.

 


Back to the list