• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Мемлекеттік сатып алу саласында ТМД-дағы алғашқы электрондық шартқа Қазақстанда қол қойылды 12.06.2014

Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор «Электрондық коммерция орталығы» тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша мәмілелер жасасуға мүмкіндік беретін функционалды іске асырды, деп денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.

Енді шарттарды құру, келісу және жасасу рәсімдерінің барлығы «Электрондық мемлекеттік сатып алу» порталында тікелей жүргізіле алады. Электрондық құжат электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады және қағаз құжатпен маңызы дәлме-дәл келеді.

Электрондық шарттарды енгізу «Электрондық коммерция орталығының» бас мақсаты - мемлекеттік сатып алу процесін толық автоматтандыруға жету жолындағы басымды міндеттердің бірі. Бұдан әрі жүйені Қазынашылық комитетімен интеграциялау жоспарлануда. 


Back to the list