• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Жоғарғы сот  сот жүйесі бойынша халыққа электронды қызмет көрсетуді таныстырады 05.06.2014

«Сот құжаттарымын танысу» қызметі логин, пороль және ЖСН енгізу арқылы электронды сот құжаттарын қарауға арналған. Сот процесі қатысушысының логині мен  құпия сөзін  ұялы телефонына немесе электронды поштасына хабарлама арқылы түседі, деп хабарлайды Жоғарғы сот.

«Сотқа шағымданған тұлға өтініші мен ұялы телефонына немесе электронды адресіне электронды хабарлама келуіне келісім бергені туралы тіркеу талонын алады. Сот процесінің өзге де қатысушылары сот тыңдалымы туралы да талон ала алады», - делінген хабарламада.

«Сот құжаттарымен танысу» ақпараттық қызметінің арқасында азаматтар үйлерінен шықпай-ақ ғаламтор арқылы сот құжаттарымен таныса алады.

Сонымен қатар, www.sud.gov.kz ресми сайтында «Сот кабинеті» электронды жобасы іске қосылады. Ол онлайн қызмет пен сот органдарының қызметіне жалғыз жол болып табылады.

«Сот кабинеті» электронды қатынас арқылы сот өндірісін қысқарту мен сот жүйесінің жеделдігі, қолжетімділігі мен ашықтығына бағытталған.

Бұдан бөлек сот хаттамасының сапасын қамтамасыз ету мақсатында дыбыс және бейне тіркеуді енгізу жоспарлануда. Ол «Сот кабинетіндегі» сот процесіне қатысушыларға қолжетімді бола отырып электронды хаттамаға мүмкіндік беретін заманауи технология негізінде жұмыс істейді.

Дыбыс және бейне тіркеу аясында шетелдік тәжірибе негізінде бейнеконференция байланысының сот жүйесімен қамтамасыз етіле отырып қашықтықтан жөнелту мүмкіндігі даму үстінде. 


Back to the list