04.06.2014
Емханаға тіркелу, оның мекен-жайы, учаскенің нөмірі, және де учаскелік дәрігер туралы мәліметтерін service.astana.kz порталынан білуге болады. Аты-жөнін және туған күнін немесе ЖСН көрсетсе жеткілікті, деп Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпараттағы сәйкессіздікті немесе жоқтығын анықтаған жағдайда Астана тұрғыны «электрондық үкімет» egov.kz порталында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелуге электрондық өтінімді бере алады, не болмаса тұрғылықты жері бойынша емханаға баруға болады.