• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада ASTEX-2014  көрме –конференциясы  өтуде 19.05.2014

Көрме-конференцияның ресми ашылу салтанатында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың атынан ҚР Байланыс және  ақпарат агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев қатысушыларға алғысөз арнады.

Атап айтқанда, «Ақпараттық Қазақстан -2020» мемлекеттік бағдарламасында  қарастырылған кешенді іс-шараларды  жүзеге асырудың, байланыстың жаңа технологияларын енгізудің, байланыс пен интернеттің жылдамдығын арттырып, қызмет бағасын арзандатудың арқасында 2020 жылға қарай электрондық коммерцияның жалпы тауарлар мен қызметтер нарығындағы үлесін 10%-ға жеткізу көзделуде.

Шақырылған қонақтардың арасынан Cars.com-ның негізін қалаушы және  Оңтүстік Корея мемлекеті президентінің кеңесшісі Янг Им Чо, рейтингтік көрсеткішке сәйкес АҚШ-тағы екінші электрондық коммерция нарығының қатысушысы – NewEgg компаниясының бас директоры Роберт Беллак, Cybersecurity Malaysia компаниясының бас директоры А. Охаб сөз сөйледі.

Айтып өткен жөн, мамырдың 19-20 күндері  «Қазмедиа орталығында» өтетін Халықаралық көрме-конференция аясында Силикон алқабының жаңашылдары өздерінің баяндамаларын көпшілік назарына ұсынады. Сондай-ақ, ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылады.

ASTEX-2014 көрме-конференциясын ҚР Байланыс және ақпарат агенттігі, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі»АҚ,  «АКТ дамыту қоры» КҚ  ұйымдастырып отыр.


Back to the list