19.05.2014
«Электрондық үкіметті» дамыту бойынша бүгін Қазақстан БҰҰ шолуына сәйкес 190 елдің арасында 38-ші орында. Электрондық қатысуды дамыту бойынша біздің ел 2-ші орынды Сингапурмен бөлісті»,- деді ол.
Агенттік төрағасы атап өткендей, бүгін Қазақстанда «мемлекеттен халыққа» мемлекеттік қызмет көрсетулерін ұсынуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым құрылған.
Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша айтарлықта жақсы нәтижелер бар.
«Дамытудың келесі кезеңі - электрондық коммерция қызмет көрсетулерін белсенді сүйемелдеу екенін нақты көріп отырмыз. Бұл тұрғыдан нақты нәтиже бар, Қазақстандағы виртуалды коммерция айналымы бүгінде шамамен 600 млн долларды құрады. Ол жылдан жылға жақсы қарқынмен дамып келеді, нақты айтқанда екі есеге артқан»,- деп толықтырды ол.