12.05.2014
Оның ішінде, Заң пайдаланымда 4 жылдан аспайтын мерзімдегі (шығырылған жылын қосқанда) көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өтуден босатады, деп көлік және коммуникация министрлігінде хабарлады.
Сонымен бірге, Заңда техникалық байқау өту туралы қағаз бланкілерден бас тарту көзделген, ал оның өту факті механикалық көлік құралдар мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқау бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәлімет сұрау арқылы анықталады.
Техникалық байқаудан өтуге қажет құжаттар тізімі бойынша да өзгерістір енгізілді. Енді, жаңа ережелерге сәйкес, техникалық байқаудан өту үшін көліктік салық төлеу жөнінде құжат қажет емес: операторға тек қана көлік құралы мен оны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (автоның техникалық төлқұжаты) ұсынғаны жеткілікті.
Жол-көлік оқиғасына соқтырған техникалық байқауды тиісінше өткізбегендігі үшін операторлардың жауапкершіліктері қарастырылған. Сонымен қатар, операторлардың техникалық байқауды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершіліктері күшейтілді.