24.04.2014
«ҰАТ» АҚ басшысы атап өткендей, компания 2013 жылы 1 240 783 тіркелген пайдаланушы көрсеткішімен аяқтаса, 2 миллиондық көрсеткішке осы жылдың үш жарым айы ішінде жетті.
Б. Мусин: «Бұл сан egov.kz порталын елдің экономикалық белсенді тұрғындарының 20 пайыздын астамы пайдаланатынын айқындайды, электронды үкімет порталында хабарлады.
Қызықтыратын бір жайт, 2014 жылдың 1 тоқсаны бойынша мәліметтерге сәйкес egov порталына әйелдерге қарағанда еркектер 3,5 есе жиі кіреді. Бұл ретте, 2014 жылдың басынан бастап порталға 1,8 млн. бірегей пайдаланушы кіріп үлгерді.