16.09.2017
Астанада «Еуразиялық апта» форумы өтті, онда ЕАЭО-дағы интеграция табысының мәселелері талқыланды. Сарапшылар Одақ аясындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.
Қазақстан бизнесінің ЕАЭО тараптарымен ынтымақтастық орнатуы еліміздің бизнес қауымдастығына қалай көмектесіп жатқаны туралы Алматы желдеткіш зауытының президенті Марат Баққұлов әңгімелеп берді.
«Алматы желдеткіш зауыты өз жұмысын осыдан 10 жыл бұрын гараждан бастады. Зауыт вентеляциялық, климаттық құрал-жабдықтарды шығарады. Осыдан 5 жыл бұрын мемлекеттік қолдаудың арқасында заманауи технологиялармен жабдықталған зауытты салдық. Зауыт Индустрияландыру картасына кіреді және де ол негізгі құрал жабдықты сатып алу үшін инновациялық грант алған бірлі-жарымдардың қатарынан», - Марат Баққұлов.
Зауыттың басшысы Марат Баққұловтың айтуынша, мемлекеттік қолдаудың бағасы құнсыз, оның үстіне импортты алмастыру бағдарламасы зауытқа нарыққа шығуға үлкен мүмкіндік берген.
Негізгі кезеңдерді бірі осыдан 3 жыл бұрын басталды. Ол кезде LG компаниясымен серіктестік орнатылған еді. Енді зауыт аталмыш компания үшін құрал-жабдықтарды тапсырыс бойынша даярлайды. Аталмыш компаниямен серіктестік туралы әңгімелеген Марат Баққұлов, зауыттың олар үшін орталық кондиционерлерді шығаратынын және олардың Қазақстан мен Түрікменстанда және шетелде саудаланатынын жеткізді.
«Кондиционер толығымен біздің зауытта жасалады, содан соң оған LG компаниясының жапсырмасы жабыстырылады, себебі ол солардың талаптарына сәйкес жасалған», - деп толықтырды ол.
Қазақстанның ЕАЭО құрамына кіретіні ескеріле келе өндіріс кеңістігін кеңейту туралы шешім қабылданды.
«Біз көптеген бағыттарды қарастырдық, себебі біздің зауыт үшін қазақстандық нарық тар деуге болады. Осыдан 2 жыл бұрын Ресей бағытында стратегиямызды жасақтай бастадық. Біздің құралдар көбіне құрылыс барысында пайдаланылады, ал Ресейде бүгінде жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске қосылды. Олардың нарығына шығу үшін жергілікті ойынның ережесін түсіну керек, себебі бізде қызығушылық тудыратын дүниелер оларға мүлдем қызықсыз болуы мүмкін. Оның үстіне сапа жоғарылығын ешкім алып тастаған жоқ. Онда бізді тағатсыздана күтуде демес едім. Сондықтанда біз сапа мәселесін бірінші кезекке қойдық», - деп бөлісті ол.
Жалпы, Алматы желдеткіш зауыты Қазақстанда аталмыш құрал-жабдықты өндіретін жалғыз кәсіпорын. Осы ретте, М.Баққұлов атап өткендей, LG компаниясымен бірлесіп жұмыс істеу тәжірибесі бірегей болды. Сонымен, сапа стандарты, менеджмент стандарты кез-келген тапсырыс берушінің талабы бойынша жұмыс істеуге мүмкінік береді.
Бұдан басқа, спикер хабарлағандай зауыттың жұмысшылары компаниямен серіктестік орнату аясында Ұлыбританияда біліктіліктерін арттырды. Айта кетерлік жайт, компанияда бас аяғы 80 адам жұмыс істейді.
Мемлекеттер Одағы туралы айтқанда экономика көрсеткіштерін артып келе жатқанын атап өтуге болады. Қазақстан 26 жыл егемендігінің ішінде экономиканы көтеріп, әлемде танымал елдердің біріне айналды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан даму бойынша көптеген рейтингтерде көш соңында қалып қоймай, өзіне лайықты жоғары дәрежеден көрінуде.
Гүлтай Хасенова
Видео Арман Мұхатов