• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ИИДМБ: ОҚО-да  1650 жұмыс орны құрылды 31.08.2017

Жыл соңына дейін ОҚО-да  өнеркәсіп өнім көлемін  850 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Оңтүстік өңірдің өнеркәсіптік  өнімі  7 айда  439,1 млрд теңгені құрады.

«Өнеркәсіптік  өнім көлемінің өсімі  өткен жылмен салыстырғанда  100,3 пайызды құрады.  Индустриаландыру картасының екінші бесжылдығы аясында 47,1 млрд теңгенің  47  жобасы  жүзеге асырылды,  1650  жұмыс орны ашылды.  Биылғы жылы 1,7 млрд теңгенің  3 жобасы жүзеге асырылды», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Жыл соңына дейін тағы  14 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл жобаларға  Шымкент қаласындағы «Рахат Шымкент» ЖШС, Отырар ауданындағы «Азия Агро» ЖШС,  Созақ ауданындағы «Сырлы Созақ» ЖШС жатады.

Айта кетерлігі, облысқа  229,9 млрд теңге  инвестиция тартылды. 


Back to the list