• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Маңғыстау облысында құс фабрикасының  құрылысы бойынша  жоба таныстырылды 19.07.2017

Жаңаөзен қаласындағы құрамында мұнайы бар қалдықтарды залалсыздандыру зауытының құрылысы үлкен жобалардың бірі болып табылады. Жобаның жалпы құны: 97 млн АҚШ доллары.

 Жобаның мақсаты- әлеуметтік экономиканы дамыту, құрамында мұнайы бар қауіпті қалдықтарды залалсыздандыру зауытының ауқымды құрылысына инвестиция тарту; мұнай қалдықтарын тазалаудың тиімді тәсілі, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; тұрғындардың жобамен қамтылуына ықпал ету. Қазақстандық-қытайлық бағдарлама аясында индустриалдық-инвестициялық ынтымақтастық жоба іске асуда.

Маңғыстау облысының «Солтүстік Ауртас» кен орнында неорганикалық химиялық элементтердің - барий (Ba), стронций (Sr) және ауырлататын бұрғылау ерітіндісінің концентраты өндірісін өңдейтін «Кемикалз Трейдинг» ЖШС, аймақ дамуындағы келешекке арналған бағдарламаның бірі болып табылады.

Осы кен орынның іске қосылуы Қазақстан Республикасының мұнай, шыны, цемент және басқа да салаларында қолданатын ауырлататын бұрғылау ерітіндісі концентратының өнімін шығаруға мүмкіндік береді. Ол Маңғыстау облысының экспорттық және сауда әлеуетін арттырады.

  Маңғыстау облысында ең маңызды бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығының дамуы болып табылады.Өңірлік үйлестіру кеңесінде фермерлік шаруашылық және ешкі өсіру, азық қорын құру туралы жоба қарастырылды. Құрылыс нысандарының іске асуы Маңғыстау облысының өнеркәсіптік секторының дамуына, шикізат өнімінің үлесінің төмендеуіне және пайдалы бәсекелестік ортаны құруға  жағдай жасайды.

Облысымыздағы фермерлік шаруашылықтың дамуының тағы бір бағыты – жұмыртқа құс фабрикасының құрылысы болып табылады. Мемлекет қаражатының есебінен жол құрылысы инфрақұрылымы жасақталуы қажет.

 


Back to the list