• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ИИДМБ: ҚР-да 27 фармацевтикалық жоба жүзеге асырылды 16.05.2017

Саланың жетекгі кәсіпорындары және инвестициялық жобаларды белсенді жүзеге асырушы компаниялар - «Химфарм»АҚ, «Нобель Алматы фабрикасы»АҚ, «АбдиИбрагимГлобалФарм»ЖШС мен «Қарағанды фармацевтикалық кешені»ЖШС.

Ведомстводан атап өткендей, 27 фармацевтикалық жоба Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылды.

«Химфарм»АҚ Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Зауыттың дәрілік препараттардың өндіретін 3 өндірістік цехы бар. Бұл кәсіпорын отандық дәрілік заттардың жартысына жуығын өндіреді.  Зауытқа Польшаның PolFarma комманиясы стратегиялық инвестор ретінде енгеннен кейін өндіріс сапасы артты. Бүгінде «Химфарм»АҚ ТМД елдері мен Моңғолияға тасымалдайтын жетекші экспорттаушы.

 «Нобель Алматы фабрикасы»АҚ-ның  Алматы қаласында сұйық және жұмсақ дәрілік заттарды өндіретін екі өндірістік цехы бар.

«АбдиИбрагимГлобалФарм»ЖШС Алматы облысында дәрілік заттардың қатты үлгілерін өндіреді.

«Қарағанды фармацевтикалық кешен»ЖШС  биотехнологиялық дәрілік заттарды өндіреді. 


Back to the list