15.05.2017
Қызылорда облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша 2 жыл ішінде 24 жоба енгізілген. Осы ретте енгізілген жобалардың жалпы құны 604,1 млрд теңгені құраған.
Жобаларды енгізу барысында 6,2 мың жұмыс орны ашылған.
Егер үдемелі индустриялық-инновациялық даму кезеңімен салыстыратын болсақ, сол кезеңнің 5 жылы ішінде 82 млрд теңге жұмсалып, 17 жоба енгізілгенін атап өту қажет. Жұмыс орындарының саны 1,3 мыңды құраған.