• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Оңтүстік Қазақстанда ИИДМБ 159 жобасы іске асырылған 03.05.2017

Облыста Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы сәтті іске асырылып келеді. Бағдарлама басталғалы индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 206,6 млрд теңгені құрайтын 159 жоба іске асырылып, 9,5 мың жаңа жұмыс орны ашылған.

"Жалпы, Сіздер құрған кәсіпкерлік нысандары біздегі халықтың белсенділігі және өңірдің жарқын инвестициялық мүмкіндіктерінің дәлелі», - деп атап өтті өңір әкімдігінде.

Бүгінгі таңда жер және инфрақұрылым мәселесін оңтайлы шешу мақсатында өңірде 11 индустриялық аймақ құрылғанын айта кеткен жөн. Бұл өндірістік алаңшаларда 170-ке жуық жоба жүзеге асырылып жатса, оның 66-сы қазір жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, тоқыма кластерін дамыту мақсатында арнайы экономикалық аймақ құрылған. Қазіргі таңда онда жалпы 14 жоба іске асырылуда. Ал кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсететін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс жасауда. 2016 жыл қорытындылары бойынша 37 232 қызмет көрсетілген.


Back to the list