02.05.2017
Нәтижесінде фабрика өнімін 2 есе арттырып, жылына 1 миллион жұп жаздық және қыстық аяқкиімдер шығаратын болады. Келешекте кәсіпорын импорт орнын басып, Қазақстан нарығын сапалы аяқ киіммен қамтуды жоспарлап отыр.
Әкімдіктің мәліметі бойынша, «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2 кезеңде іске асырылған жобаға 675 млн теңге инвестиция тартылыпты. Бірінші кезеңі бойынша 2014 жылдың соңында 36 адам жұмыспен қамтылып, Қытайдан әкелінген технологияда қысқы аяқ киім шығарыла бастаған.
Бұл жоба «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңға дейін кәсіпорынымыз жалпы құны 100 миллион теңгені құрайтын 270 мың пар аяқ киім өндірді.
Ал, жобаның 2-ші желісін іске қосу үшін «Оңтүстік» АИО-нан 100 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржыға Түркиядан аяқ киім тігетін жаңа қондырғы сатып алыныпты. Нәтижесінде кәсіпорында 50 адам жұмыспен қамтылып, межеленген 1 миллион жұп жазғы және қысқы аяқ киім өндіруге мүмкіндік туып отыр.