13.04.2017
«2014 жылы іске қосылған кәсіпорын жылына 1.5 мың тонна балық өндіруге қауқарлы. Құны 600 миллион теңгені құрайтын іргелі кәсіпорында бүгінгі күні жетпіске тарта адам тынбай еңбек етуде», - делінген хабарламада.
Олардың басым көпшілігі жергілікті жердің тұрғындары.
Былтыр кәсіпорын 615,7 тонна балық өнімдерін өндірсе, 2017 жылдың екі айында он алты миллион теңгенің өнімін өндіріпті.