• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ИИДМБ: 2016 жылы Батыс Қазақстанда 10 жоба іске асырылған 13.02.2017

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, индустрияландыру картасы аясында Батыс Қазақстанда 334 млрд теңге жалпы сомасына 47 жоба іске асырылған.

Осы ретте, 2 700 жаңа жұмыс орны ашылған. Оның ішінде 10 жоба өткен жылы іске асырылып, соның арқасында 500-ден астам жаңа тұрақты жұмыс орны ашылған.

Инвестициялардың өсуі 3,5% немесе 395 млрд теңгені құраған. Соның ішінде шетелдік инвестициялар көлемі 18,5% немесе 280 млрд теңгені құраған.

Мемлекет басшысының шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегітапсырмасын орындау үшін бірлескен кәсіпорындар құрылған. Мысалы, ирандық кәсіпкерлермен бірлесіп химия саласында, швейцариялық компаниямен және фин компаниясымен бірлесіп электрмен жабдықтау саласында құрылыс материалдарын өндіру кәсіпорны ашылған. Бұл кәсіпорындар технологияларды жаңғыртуға бағытталған.

Бұдан бөлек, әкімдіктің хабарлауы бойынша облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсіп келеді. Өңірде 40 мың бизнес-субъект сәтті жұмыс істейді. Осының арқасында бюджетке түсімдер 36% өсіп, 255 млрд теңгені құраған. Батыс Қазақстанда жеке инвестициялар тартыла отырып, 2000 орынға арналған 24 балабақша ашылған. Бүгінде 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 99,7% құрайды. 


Back to the list