• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Индустрияландыру Қазақстанның дамуына қалай әсер етті? /ШОЛУ/ 17.01.2017

Бүгінгі таңда индустрияландырудың бірінші бесжылдығының басты жетістіктерінің бірі қажетті заңнамалық база жасауға қол жеткізілгенін атап өтуге болады. Оны іске асырудың бірінші кезеңінде 50-ден астам заң әзірленіп, түзетулер енгізілген, 3 жаңа заң қабылданған. Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі индустрияландыру бағдарламасының жетістіктері мен жоспарлары туралы материал дайындады.

Индустрияландырудың бірінші бесжылдығының қорытындылары

5 жыл ішінде өңдеуші секторға жалпы тікелей шетелдік инвестициялардың 17,6 млрд АҚШ доллары тартылған. Инфрақұрылымдық мәселелердің көпшілігі шешілді. Бизнесті қолдау үшін  (ШОБ, экспорттаушылар, инвесторлар) арнайы бағдарламалар әзірленді.

Қазақстанда жаңа индустриялық база пайда болды, ол еліміздің көптеген өңірлерінде өнімді жұмыспен қамтуды және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етті. Өңдеу саласының 26 жаңа секторы пайда болды. Экспортталатын өнім номенклатурасы 777-ден 824 тауарға дейін көбейген.  

2015 жыл – индустрияландырудың екінші бесжылдығының бастауы

2015 жылы индустрияландырудың екінші бесжылдығы басталды (2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ). Өткен жылы Индустрияландыру картасы аясында 815 млрд теңге сомасына 128 жоба енгізілген, 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

2016 жылға арналған индустрияландыру

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ИИДМБ өзектендіру жүргізілді. Бағдарламаны түзету кезінде Дүниежүзілік банктің, жетекші шетелдік сарапшылардың ұсынымдары мен жаһандық трендтер ескерілді.  

Биылғы жылы осы бағдарлама бойынша үлкен жұмыс атқарылғанын атап өту қажет. 2016 жылғы 10 ай ішінде 179,2 млрд теңге сомасына 63 жоба енгізілген, 4,8 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылған.

Индустрияландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс есебінен өңдеу өнеркәсібінің құрылымы өзгерді. Металлургия мен тамақ өнеркәсібінің күшті салаларына қосымша жаңа, динамикалық дамып келе жатқан салалар пайда болды.

2016 жылғы 6 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күні аясында 23 ауқымды өндірісті іске қосты.

Қазіргі уақытта индустрияландырудың екінші бесжылдығы аясында 11 трл теңге сомасына 400-ге жуық жоба іске асырылу кезеңінде.

Индустрияландыру бағдарламасын іске асыру жылдары ішінде 4 трлн теңге сомасына 961 жоба енгізіліп, 90,6 мың тұрақты жұмыс орны ашылды.

Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы көптеген өңірлердің индустриялық дамуына серпін бергенін атап өту қажет. Астана қаласында өңдеу өнеркәсібі көлемінің жартысынан астамы (56,5%), Ақмола және Маңғыстау облыстарында 40%-дан астамы (сәйкесінше 44,7%, 44,1%) Индустрияландыру картасының жобаларына шығарылған. Қостанай, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында – барлық көлемнің төрттен бір бөлігі (сәйкесінше 31,3%, 28,6%, 22,3%).

Мемлекет басшысы Индустрияландыру күнінде күрделі мемлекеттік қолдауға сүйенетін ауқымды индустрияландыру Қазақстанды дамыған елдердің қатарына шығаратынын, әлеуметтік мәселелерді шешіп, халықтың өмір сүру деңгейін көтере алатынын атап өтті. 


Back to the list