• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да түсті металл шығаратын зауыт ашылды (ФОТО) 17.12.2016

Жобаның құны 75 млн теңгені құрайды. Отыз адам жұмыспен қамтылған өндіріс орнының жобалық қуаттылығы жылына 12 тоннаны құрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының индустриялық аймақтарында 168 жоба іске асыру көзделіп жатса, соның бүгінде жалпы құны 35,3 млрд теңгені құрайтын 54 жобасы нақты іске асқан. Бұл өз кезегінде 3 705 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

«КазЭлМаш» ЖШС электр машиналарына сервистік қызмет көрсетіп, күрделі жөндеуден (тұрақты тоқ электр қозғалтқыштары: асинхронды, синхронды, жоғары кернеулі, жарылыстан қорғалған электр қозғалтқыштарды, трансформаторларды, генераторларды) өткізуге қызмет етпек. Сонымен бірге, негізгі қызмет түрі ретінде жоғары вольтті және төмен вольтті электр машиналарының статор және арматура орамаларын өндіріп, тікбұрышты сымдар, дөңгелек қималы мыс және алюминий жасаумен айналысады.

Әзірге, Оңтүстік Казақстанда теңдесі жоқ мұндай кәсіпорын өңірде ғана емес, Қызылорда және Жамбыл облыстарында электр вагондарын жөндеу бойынша жетекші өндіріс орны болмақ.

Ірі кен өңдеу кәсіпорындары, цемент зауыттары, мақта өңдеу зауыттары мен ұн тарту комбинаттары және басқа да көптеген ұйымдар осы компанияның клиенттері болмақ.


Back to the list