• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ИИДМБ: Еуро-5 санатты қазақстандық бензиннің алғашқы партиясы БҚО-да сатылымға шықты 12.12.2016

Алғашқы бензин тасымалдаушыны компанияның автокөлік жанармай құю бекеттеріне жөнелту салтанаты бүгін Ақсай қаласында (Батыс Қазақстан облысы, БҚО) өтті. Құны 26 млрд теңгеден астам болатын пайдалануға берілген мұнай өңдеу қуаттары (жылына 200 000 тоннадан астам) Қазақстанның батыс өңірлерінің сапалы жоғары октанды бензинге  сұранысын қамтуға, сондай-ақ мұнай өңдеудің басқа да өнімдерін, атап айтқанда газойль және гудронды экспорттауға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін кәсіпорын вакуумдық мұнай айыру секциясында құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтауды жоспарлануда, бұл ауыр мұнай өнімдерін өңдеуге және ақшыл және ақшылдандырылған мұнай өнімдері өндірісін 90% дейін арттыруға мүмкіндік береді, және осылайша жобаның экономикасын жақсартады.        

«Бәйтерек» Холдингінің еншілес құрылымы – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ  (бұдан әрі – Банк, ҚДБ) қаржыландыратын «Конденсат» АҚ базасындағы жобаның жалпы құны 56,5 млрд теңгені құрайды (ҚР Ұлттық банкінің а. ж. 09 желтоқсанындағы бағамы бойынша). ҚДБ қажетті қаржыландырудың 70% астамын ұсынды, қарыз мерзімі – 11 жылға дейін. Жобаны Индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы (ИИДМБ-2) аясында Банк қаржыландырады.

«Қазақстанның мұнай өңдеу қуаттарын кеңейту және жаңғыртуға қаржылық қатысу ҚДБ-нің шикізаттық емес экономиканы дамытуға жәрдемдесу миссиясына сәйкес келеді. Бүгінгі таңда Банк еліміздегі үш ірі мұнай өңдеу зауытының екеуін – Атырау және Павлодар зауыттарын жаңғыртуды қаржыландырады. Бұл сала қазіргі уақытта Банк ұсына алатын ұзақ мерзімді және қымбат емес ресурстарды қажет етеді. «Конденсат» АҚ базасындағы жаңа өндірістік кешен ішкі нарықты жоғары сапалы мотор отынына сұранысын толық көлемде қамтамасыз етуге тағы бір үлесі болмақ», - деп баса айтты ҚДБ Басқарма Төрағасының орынбасары Абай Сарқұлов.     

«Конденсат» АҚ ай сайын БҚО-да орналасқан жеке жанармай құю бекеттеріне (барлығы - 4) келесі көлемдерде: АИ-92 - 15 000 тонна, АИ-95 – 2 000 тонна жеткізуді жоспарлауда. 2017 жылы кәсіпорында 487 301 тонна мұнай өнімдерін, оның ішінде АИ-92 маркалы бензин – 139 517 тонна, АИ-95 - 26 836, дизель отыны - 23 224 тонна, тікелей айдалатын газойль фракциясы – 157 115, вакуумдық газойль - 68 443 тонна, гудрон - 16 076 тонна, қазандық отын - 14 591 тонна өндіру жоспарланған. 

 


Back to the list