07.12.2016
Облыс әкімдігі хабарлағандай, осыған ұқсас фабрика Бестөбеде салынып жатыр. Әрбіреуінің өнімділігі 2,3 млн тоннаны құрап жылына 1,5 тонна қорытпа шығарады.
Бүгінгі таңда ҚӨЗ көлемі 6 млн тонна – яғни 3,5-4 жылдық жұмыс бар. Қазіргі заманғы технологиялық қондырғылардың нәтижесінде қалдықтан 47 пайыз алтын өндіреді. Ақсудағы фабрикадан 1,05 грамм алтын өндірсе, Бестөбеде 0,74 грамм алтын алынады.
Концерннің басшылығы 3,5-4 жыл жұмыс уақытында ҚӨЗ 3,2 тонна алтын құймасын өндіреді деп жоспарлауда.
Бүгінгі таңда екі фабрика бойынша инвестиция көлемі 63 млн долларды құрап отыр. Сондай-ақ, әрбір фабрикада 100 жаңа жұмыс орны ашылады.