• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қостанайлық электромобильдер бағасы жағынан қолжетімді болады - Назарбаев 06.12.2016

«Қостанайда қазір электромобильдер шығарылады. Бағасы жағынан олар қолжетімді болады. Егер электромобильдерге толық көшсек, экологияны бірнеше рет тазартамыз. Біз осыған жақындап келеміз», - деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, қыркүйектің басында Президентке AllurGroup қостанайлық зауыты құрастырған JAC қытай брендінің электромобилі таныстырылды.

Компания экологиялық таза көліктер құрастырумен ғана емес, сонымен қатар олардың құнын арзандату бойынша да жұмыс жасайды. Модель ауа температурасына байланысты батареяны суытатын немесе жылытатын термобақылау жүйесінің арқасында кез келген температуралық режимде пайдалануға жарамды.

Алайда, қостанайлық мамандар құрастырған JAC электромобильдерінің пилоттық партиясын Қазақстанның солтүстік өңірлерінің қысқы жағдайларында тексеру қажет. 

Еске сала кетейік, астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жалпы ұлттық телекөпір өтуде. Іс-шара аясында Индустрияландыру картасы жобаларының тұсауы кесілді. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев «Парыз» байқауының жеңімпазына Гран-при және «Алтын сапа» байқауы аясында «Сапа көшбасшысы», «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» үш негізгі номинациясы бойынша сыйлықтарды табыс етеді. 


Back to the list