• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Өскеменде  ИИДМБ аясында  4,5 мың жұмыс орны ашылады 05.12.2016

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, мембағдарламаның екі бесжылдық кезеңінде жұмысқа орналасқан өскемендіктердің саны  7000 адамға жетеді.

Айта кетейік, мемлекеттік бағдарлама  экономиканы  әртараптандыру арқылы  тең әрі тұрақты өсімге бағытталған. ШҚО-да мақсатқа жету үшін  барлық қажетті жағдай жасалған: табиғи байлық, индустриялды база, жаңа білім мен біліктілік жинауға ұмтылған адамдар.

ҮИИДМБ бірінші бесжылдығында, яғни 2010-2014 жылдары Өскемен  бойынша  18 инвестициялық  жоба жүзеге асырылды, оның  10-ы 164,6 млрд теңгені құрайды. Аталмыш өндірісті енгізу облыс орталығын  2500 жұмыс орнымен қамтылды.

2015-2019 жылдарға  арналған  индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Өскеменде 11 жоба жүзеге асырылмақ, оның ішінде 127 млрд теңгеге  «Азия-Авто Қазақстан» АҚ, «Мелисса» ЖШС, «Өскемендік технологиялық құрылғы» ЖШС, «Өскемен Конденсатор зауыты» АҚ, «Балум Каз Сервис» ЖШС, «Өскемен ТМК» АҚ жобалары жүзеге асырылады.


Back to the list